top of page

Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар

Бүгінгі сабақта меңгереміз:

  • эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтаймыз,

  • айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіріп және түсіндіреміз,

  • жазық айнада дененің кескінін алып және оны сипаттаймыз.

Жарықтың шағылуы

Жарық шығармайтын барлық денелер өздеріне түскен жарық сәулелерінің шағылуы  арқасында  көрінеді. И.Ньютон жарықтың дене бетімен әрекеттесуін зерттей келе, жарық – бөлшектердің ағыны деген. Жарық бөлшектерінің шағылуын үстел жақтауына бильярд шарының соғылуына ұқсатуға болады.

ньютон.png
биллярд.png

    Егер шарды перпендикуляр сызыққа α бұрышымен бағыттаса, онда ол α бұрышына тең болатын  β бұрышымен кері қайтады.

Бильярд шарының үстел жақтауына соғылып, кері қайтуы

      Жарықтың шағылуы деп екі ортаның шекарасына бағытталған жарық сәулесінің жүру бағытының өзгеру құбылысын айтады. Жарық сәулесі шыққан ортасына қайта келеді.

Якорь 1

Жарықтың шағылу заңы

Түсу бұрышы – түскен сәуле мен жарықтың екі орта шекарасына түсу нүктесіне түсірілген перпендикуляр арасындағы бұрыш (α)

ф5.png

Шағылу бұрышы – шағылған сәуле мен жарықтың екі орта шекарасынан шағылу нүктесіне түсірілген перпендикуляр арасындағы бұрыш (β)

α = β

Безымянный4.png

Жарықтың шағылу заңы:

  1. Түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр (нормаль) бір жазықтықта жатады.

  2. Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады

Якорь 2

Шағылу түрлері

Айналық шағылу – теп-тегіс беттен шағылу

ш2.jpg

Шашыранды (диффузиялық) – кедір-бұдыр беттен шағылу

ш1.jpg
ш3.png

Айнаның тегіс бетіне түскен сәуле шоқтары параллель шоқ болып шағылады. Кедір-бұдыр беттен шағылған сәулелер шашырайды.

Якорь 3
Якорь 5

Айналық бет

Айналық бет – түскен жарық сәулесін қайтадан сол ортаға бағыттайтын бет

айн1.jpg
айн3.png

d = ‒ f

      Жазық айна – тегіс өңделген және шағылдыратын қабатпен жабылған, қисықтық радиусы шексіздікке ұмтылатын жазық бет.

Жазық айнадан алынатын кескін жалған болады.

Жазық айнаның формуласы:

d – денеден айнаға дейінгі арақашықтық,

f – кескіннен айнаға дейінгі арақашықтық.

Жазық айнадағы кескіннің ерекшеліктері:

Безымянный3.png
  • жалған;

  • дене айнадан қандай қашықтықта болса, кескін де сондай қашықтықта болады;

  • өлшемі дененің өлшемімен бірдей;

  • тура;

  • симметриялы.

Якорь 4

Жазық айналардың қолданылуы

     Бүгінгі таңда айналар технология мен күнделікті өмірде кеңінен қолданылады: рефлектор ретінде (фаралар, прожекторлар); оптикалық құрылғыларда (линзалар, лазерлер, перископтар, псевдоскоптар және т.б.); жол және автомобиль айналары және т. б.

айн2.png
Якорь 6

QazPhys

Нұр-Сұлтан қ. Күйші Дина 44/3 

iqazphys@gmail.com

Tel: +7 7172 373701

  • Instagram
  • Facebook
  • YouTube

Сізге қалай көмектесе аламыз?

Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет

© 2023 by STEM Camp. Proudly created with Wix.com

bottom of page