Оптика – жарықтың таралу заңдылықтарын, оның заттармен өзара әсерлесу процестерін және жарықтың табиғатын зерттейтін физиканың саласы.
Геометриялық оптика – жарықтың табиғатын қарастырмай, оның тек таралуын ғана зерттейтін оптиканың бөлімі.
Жарық – энергияның бір түрі.
Біз қалай көреміз?

Гүл аулада өсіп тұрса оны жарықта көре аламыз. Егер гүлді қараңғы бөлмеге қойсақ, оны көру мүмкін емес.
Біз нысандарды көрмейміз, олардан жарықтың шағылысуын көреміз.
Жарық көздері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Ғаламдағы негізгі жарық көздері - жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі.
табиғи ЖАРЫҚ КӨЗДЕРІ жасанды

Жарық көзі – ол өзінің бойынан жарық сәулесін шығаратын дене

Х.Гюйгенс пен И.Ньютонның жарық табиғаты туралы еңбектерінде «сәуле» ұғымы енгізілді
параллель шашыраған жинақталған

Жарық сәулесі – бойымен жарық энергиясы таралатын сызық
Жарық шоқтары – берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы деп аталады
Жарық шоғының түрлері
Егер жарық көзінен экранға дейінгі қашықтықпен салыстарғанда жарық көзінің көлемін ескермеуге болатын болса, онда оны нүктелік жарық көзі деп атайды.

Көлеңкенің пайда болуы жарықтың түзусызықты таралуының дәлелі болып табылады
Жарықтың түзусызықты таралу заңы:
Біртекті мөлдір ортада жарық түзусызықты таралады

көлеңке КӨЛЕҢКЕ ТҮРЛЕРІ жартылай көлеңке
Дискінің артында көлеңке (1) және екі жартылай көлеңке (2) пайда болады. Жартылай көлеңке - кеңістіктің ішінара жарық түскен аймағы. Бұл аумақтарға жарық бір ғана жарық көзінен түседі. Көлеңкенің аумағына бірде-бір жарық көзінен жарық түспейді
Күннің тұтылуы Айдың тұтылуы
Өз орбиталарымен қозғалу кезінде Күн, Жер және Ай периодты түрде бір сызық бойына тізіледі
Айдың тұтылуын Жер Күн мен Айдың ортасында тұрып қалған кезде ғана бақылайды. Ай Жердің көлеңкесінде қалады

Күннің толық тұтылуы 250 км-ден аспайтын аумақты алып жатады.
Айдың көлеңкесі Жер бетінде 1 км/с жылдамдықпен қозғалады.Күннің тұтылуының тодық уақыты 8 минуттан аспайды.
Күннің сәулелері Жерді айналып өтіп, айды қою қызыл түске бояйды.
Айдың тұтылуы шамамен 1 сағат 40 минутқа дейін созылады.
Сабақтың бейненұсқасы
Жарықтың түзу сызықты таралу заңы
1-жаттығу
Суретте бейнеленген екі нүктелік жарық көзі берілген. Экранда қандай нүктеге жарық түспейді? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
Тапсырманы орындау критерилері
-
1-жарық көзінен бөгет екі шетін жанап өтетіндей сәуле жүргіз;
-
2-жарық көзі үшін алдыңғы амалды тағы қайтала;
-
толық көлеңке түсетін аймақты сызып белгіле
-
экранда қандай нүктеге жарық түспейтінін анықта;
-
бұл құбылыстың себебін жарықтың түзусызықты таралу заңы бойынша дәлелде.

Тест
Тақырып бойынша тест орындаңыз.