1-қадам. Ақ қағазға жазық параллель пластинаны қойыңдар да, оны қоршап сызыңдар.
2-қадам. Қағазға екі түйреуіші (1 және 2), екеуінің біреуін (2) пластинаға жақын, ал екіншісін өз қалауларың бойынша кезкелген жерге қадаңдар (суретте көрсетілгендей)

3-қадам. Жарықтың түзусызықты таралу қасиетін пайдаланып, пластинада екі рет сынған сәуле жүретін түзуді анықтаңдар. Ол үшін 3 және 4 түйреуіштерді пластина артына әрқайсысы бақылаушының көзіне жақын түйреуіштен көрінбей қалатындай етіп қадаңдар.

4-қадам. Қағаз бетінен түйреуіштер мен пластинаны алып тастаңдар. 1 және 2 нүктелері арқылы пластинаға түсетін сәуле жүргізіңдер. 3 және 4 нүктелері арқылы пластинадан шығатын сәулені жүргізіңдер. Түсу нүктесін пластинадан сәуленің шығу нүктесімен жалғаңдар. Алынған сызық – шыны да сынған сәуле.
5-қадам. Транспортир арқылы түсу бұрышы α мен сыну бұрышын γ өлшеңдер.
6-қадам. формуласы бойынша шынының сыну көрсеткішін есептеңіз.

7-қадам. Нәтижені кестелік мәндер мен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.

8-қадам. Суреттегі бұрыштарын қарастырыңдар. Егер АО = ОВ болса, сыну көрсеткішін мына формула арқылы анықтауға болатынын дәлелдеңдер:


9-қадам. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңыз
10-қадам. Келесі формула негізінде салыстырмалы сыну көрсеткішінің орташа мәнін анықтаңыз.

12-қадам. Абсолют қателіктің орташа мәнін анықтаңыз.

13-қадам. Салыстырмалы қателікті анықтаңыз.

Симулятор терезесін басыңыз.
Симуляторды суретте көрсетілгендей етіп параметрлерін орнатыңыз.

Зертханалық жұмыс барысында орындаған қадамдарды лазер арқылы орындауға мүмкіндік беріледі.
Жұмысты бастаңыз
Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылысы байқалады. Мұның себебі, әртүрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болуымен түсіндіріледі. Сыну заңы бойынша:
мұндағы n – екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші. Егер бірінші орта ауа болса оның сыну көрсеткіші 1, онда екінші ортаның сыну көрсеткіші абсолют сыну көрсеткішіне тең.


